Виктор Кумыков Өзбекстанның «Андижан» командасын тізгіндеді
Ресейлік маман, «Шахтермен» Қазақстан чемпионатының екі дүркін чемпионы атанған Виктор Кумыков Өзбекстанның «Андижан» командасын тізгіндеді.
Бұған дейін Виктор Кумыков «Кызылкум» командасын жаттықтырады деген ақпарат тараған болатын, алайда қос тарап бір келісімге келе алмаған.
Айта кетейік, Виктор Кумыков Қазақстанда «Есіл», «Елімай», «Атырау», «Қайсар», «Ордабасы» және «Шахтер» командаларын жаттықтырған. Бұған қоса Қазақстан ұлттық құрамасында жаттықтырушылар штабына кірген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или