«Фиорентина» клубының 6 мүшесінен коронавирус табылды

«Фиорентина» клубының 6 мүшесінен коронавирус табылды

Италиялық А сериясының клубтары маусымның қайта басталуына қызу дайындалып жатыр. Барлық ойыншылар мен клуб қызметкерлерін коронавирусқа тексеру міндетті саналады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін <span>«Фиорентина» клубының ойыншылары мен қызметкерлері</span> коронавирусқа тексерілді. Нәтижесінде 6 адамның сынамасы оң нәтижеге көрсетті: клубтың ойыншыларының арасында - 3 және қызметкерлер арасында - 3. Бәрінің бойындағы ауру еш белгісіз өтіп жатыр.

Вирус жұқтырғандардың бәрі карантинға жатқызылады. Команданың қалған мүшелері маусымның қайта басталуына дайындықты жалғастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или