Ресейлік футболшы науқасқа шалдыққан бүлдіршіннің есепшотына қомақты қаржы аударды

Ресейлік футболшы науқасқа шалдыққан бүлдіршіннің есепшотына қомақты қаржы аударды

«Зенит» ойыншысы Александр Кокорин Солтүстік Осетияда тұратын Арнелла Персаева есімді қызға қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Instagram желісіндегі «сторис» бөліміне емделіп жатқан қыздың есепшотына 1 миллион рубль аударған чекті жариялады.

Айта кетелік, Кокорин бұдан бұрын да РПЛ ойыншыларын арқа бұлшықеті атрофиясымен ауыратын бүлдіршінге көмекесуге үндеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или