АПЛ матчтарына өзгерістер енеді

АПЛ матчтарына өзгерістер енеді

АПЛ басшылығы маусым қайта басталған жағдайда ойындар өткізудің жаңа хаттамасын дайындап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

The Telegraph хабарлағандай, ойыншыларға алаңға түкіруге, ойыннан кейін футболкалармен алмасуға, бір құтыдан су ішуге командамен соғылған голды тойлауға тыйым салынады.

Бұл шектеу шараларын 12 айға дейін енгізуге болатындығы айтылды.

Еске сала кетелік, коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған ағылшын премьер-лигасы 8 маусымда қайта жалғасуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или