«Астана» Еуропа футбол қауымдастығының бастамасын қолдады
Eуропа клубтары қауымдастығына (ЕСА) мүше 50-ден астам клуб, соның ішінде «Астана» футбол клубы, өздерінің әлеуметтік желілерін бүкіл әлемдегі жоғалып кеткен балалардың проблемаларына назар аудару үшін қолданады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Футболға қамқорлық» бастамасын Халықаралық хабар-ошарсыз кеткен және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар орталығы (ICMEC) жүзеге асырады, сонымен қатар оған ECA және ФИФА қолдау көрсетеді.
«Жыл сайын әлем бойынша миллионнан астам бала жоғалады, ал жоғалған бала – әлсіз, қамқорлыққа мұқтаж. Көбісі үйге тез және қауіпсіз орала алады, алайда табылмайтындары қаншама», - дейді ICMEC бас директоры Боб Каннингем. - «2020 жылғы Халықаралық хабар-ошарсыз кеткен балалар күні әлемдік футбол қауымдастығының қолдауы біз үшін үлкен мәртебе. Жанкүйері көп спорт және клубтардың жаһандық ықпалы бар болғандықтан, жоғалған балалардың біреуін тауып, олар жақындарымен қайта қауышуы мүмкін деп үміттенеміз».
20 жылдан астам уақыт ішінде ICMEC әлемдегі балаларды ұрлау, жыныстық зорлық-зомбылық пен қанаушылықтан қауіпсіз ету үшін күш-жігер жұмсап отыр. Олардың жұмысы барлық құрлыққа таралады, ICMEC хабар-ошарсыз кеткен балалардың ғаламдық желісі жоғалған және ұрланған балаларды табуға көмектесетін 30 мемлекетті біріктіреді.
Әр жылдың 25 мамырында Халықаралық жоғалған балалар күніне орай ICMEC хабар-ошарсыз кеткен балалар мәселесі туралы ақпаратты арттыру, жоғалып кеткендерді еске алу іс-шаралар мен акцияларын үйлестіреді.
«Футболға қамқорлық» бастамасын қолдауға Қазақстанның 6 дүркін чемпиондарынан бөлек, «Гент», «Генк» (Бельгия), «Сараево» (Босния және Герцеговина), «Лудогорец» (Болгария), «Омония» ( Кипр), «Виктория Плзень», «Славия Прага» (екеуі де Чехия), «Челси», «Ливерпуль», «Тоттенхэм» (барлығы Ұлыбритания), «Стреймур» (Фарер аралдары), «Сейнайоки» (Финляндия), «Марсель» (Франция), «Байер 04», «Боруссия Дортмунд», «Хофенхайм», «Вольфсбург» (Германия), «Линкольн» (Гибралтар), AEK, «Aстерас», «Атромитос, «Олимпиакос», «Панатинаикос», ПАОК (Грекия), «Фехервар», «Ференцварош» (Венгрия), «Корк Сити» (Ирландия), «Хапоэль Беер-Шева» (Израиль), «Рома», «Аталанта», «Интер», «Ювентус», «Лацио» (Италия), «Еглава» (Литва), «Зимбру» (Молдова), «Сутьеска» (Монтенегро), «АЗ Алкмаар» (Нидерланд), «Линфилд» (Солтүстік Ирландия), «Русенборг» (Норвегия), «Бенфика» (Португалия), «ЧФР Клуж» (Румыния), «Локомотив», «Зенит» (Ресей), «Ла Фиорита» (Сан-Марино), «Селтик», «Рейнджерс» (Шотландия), «Слован» (Словакия), «Атлетик», «Атлетико», «Барселона», «Валенсия» (Испания), «Мальме» (Швеция), «Янг Бойз», «Цюрих» (оба- Швейцария) клубтары да атсалысады.