Аргентиналық төреші матчты аяқтауды ұмытып кетті

Аргентиналық төреші матчты аяқтауды ұмытып кетті

Аргентина чемпионатының 15-ші турындағы «Ланус» пен «Арсенал» арасындағы кездесудің бас төрешісі Андрес Мерлос қызметін дұрыс атқармағаны үшін жазаланды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ланус» пен «Арсенал» кездесуінде алаң иелеріне тек жеңіс керек болатын. Сол кезде ғана «Ланус» көш басындағы «Ривер Плейтпен» ұпай айырмашылығын екі ұпайға қысқартады. Дегенмен матч алаң қожайындарының ойындағыдай өтпеді. «Арсенал» кездесудің соңына дейін 2:1 есебімен жеңіп жатты. Төреші Андрес Мерлос негізгі уақытқа бес минут қосқан. Алайда «Ланус» қосымша алтыншы (!) минутта ғана таразы басын теңестіре алды. Бұл аз болғандай, бас қазы қосымша уақыттың санын ұлғайтып жіберді. 99-минутта алаң иелері жеңіс голын соққаннан кейін ғана, Мерлос ойынды тоқтатты. Нәтижесінде матч үлкен жанжалмен аяқталды.

Аргентина футбол қауымдастығы Андрес Мерлосты жазаға тартты. Енді төреші халықаралық төреші категориясынан айырылып қалуы мүмкін.

Eurosport.ru сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или