Англия Кубогының қалған ойындары «Уэмблиде» өтуі мүмкін
Англия Кубогының қалған матчтарын «Уэмблиде» өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Англия Кубогы ширек финалда COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатылды.
Англия Футбол қауымдастығы (FA) үшін Англия Кубогының аяқталуы өте маңызды. Өйткені қалған матчтардың ойнатылмаса ұйым 300 миллион фунтқа дейін жоғалтуы мүмкін. Егер Кубок лотереясы қайта жалғасатын болса, Англия Футбол қауымдастығы телекоммуникациялық операциялардан ақшаның бір бөлігін ала алады.
Ширек финалда мына командалар ойнауы керек:
Ньюкасл - Манчестер Сити
Лестер Сити - Челси
Шеффилд Юн - Арсенал
Норвич Сити - Манчестер Юнайтед
Еске салайық, футболдан Англия Кубогының финалы 8 тамызда өтуі керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или