Күрес

UWW күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу сыны өтетін елдерді жариялады

UWW күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу сыны өтетін елдерді жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі Марокко, Венгрия және Қытайда өткізілетінін растады.

Аталған шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті де (ХОК) растап отыр. Бүгінге дейін Олимпиада жолдамасының тең жартысы таратылды. Ал Азия аймақтық іріктеу турнирі Қытайдың Сиянь қаласында өткізіледі.

Айта кетелік, коронавирус қаупінің жоғарылуына байланысты Сияндағы турнир ауыстырылып, бәсекені Қырғызстан астанасы Бішкекте ұйымдастыру жоспарланған. Алайда, індеттен қауіптен Қырғызстан билігі жарысты өткізуден бас тартты.

Осылайша, аталған турнир келесі жылы қайтадан Сиянь қаласында ұйымдастырылады. Африка және Океания аймағының іріктеу додасы Мароккода, еуропалық іріктеу сыны Венгрияда өтеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер