Қазақстан Кубогы бір матчтан өтеді
<span>Екінші лига командалары біріншілігі төмендегі жүйе бойынша жүргізілуі күтілуде. Биыл турнирге 22 команда қатысады деп жоспарланған. Лига әкімшілігі біріншілік ойындарын «Оңтүстік-Батыс» және «Солтүстік-Шығыс» екі конференциясы бойынша жүргізу жобаын қарастырады. Әрбір конференцияға 11 командадан топтастырылады. Бұл жағдайда біріншілік 22 қыркүйекте аяқталады. Бірінші лигаға әрбір конференцияның жеңімпаздары жолдама алады. </span>
<span>Ойын күнтізбесінің тығыздығына орай Қазақстан кубогы ойындарын өткізуге өзгеріс енгізіледі. Жарыстың әрбір сатысында жұп құрған командалар жеңімпазы бір ойын арқылы анықталады. Еурокубок ойындарына қатысатын «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» мен «Қайсар» командаларына бірдей мүмкіндік жасау мақсатында олар бірден 1/4 финалдық ойындарға қатысуға мүмкіндік алады. Финал 2 қарашаға жоспарланып отыр.</span>