Коронавирус Катардағы әлем чемпионатына да кері әсерін тигізуі мүмкін

Коронавирус Катардағы әлем чемпионатына да кері әсерін тигізуі мүмкін

УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Ларс-Христер Ульссон коронавирус пандемиясы 2022 жылы Катарда Әлем кубогын өткізуге кері әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, пандемия футболға тағы екі-үш жыл әсер етеді. Егер жағдай қазіргіден де қатты дамып кетсе, онда халықаралық күнтізбеге қатысты проблемалар туындайды. Кейбір чемпионаттар бір жылдан екінші жылға ауыстырылады, график алмасады, соның арасында Катарда әлем чемпионаты өткізілуі керек. Сондықтан ішкі және халықаралық турнирлердің кестесін тығыздау керек болады», - деді Ульссон.

Айта кетейік, биыл жазда өтуге тиіс болған Еуропа чемпионаты келесі жылға шегерілді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или