«Челси» бельгиялық шабуылшыға қызығушылық танытып отыр

«Челси» бельгиялық шабуылшыға қызығушылық танытып отыр

«Челси» футбол клубы бельгиялық шабуылшы Дрис Мертенске қызғушылық танытып отыр, деп жазады Prosports.kz.

32 жастағы Мертенс қазір италиялық «Наполи» сапында доп тебеді. Бірақ биыл жазда командамен келісімшартының мерзімі аяқталып, еркін агент атанады.

Сол үшін де оны «Челсиден» бөлек «Интер», «Ювентус», «Монако», «Ньюкасл», «Рома» секілді клубтар қатарға қосуға ниетті. 

Айта кетейік, Мертенс «Наполи» сапында өткізген жеті маусымда 121 гол соққан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или