Это’О: Менің кеңесім Мессидің мансап жолын өзгертті
Камерун құрамасының бұрынғы ойыншысы Самюэль Это'о DAZN-ға берген сұхбатында бұрынғы командаласы Лионель Мессидің мықты футболшы болуына әсер еткенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
- Менің кеңесім Мессидің мансап жолының өзгеруіне әсер етті. Ол маған осы үшін алғыс айтқан болатын, - дейді Это'о.
Бірақ Мессиге нақты қандай кеңес бергенін айтқан жоқ.
- Месси бұрыннан керемет талантты футболшы болатын. Бірақ жетілдіре түсуді талап ететін тұстары да бар еді. Оның бүгінгідей жетісікке жеткеніне қуаныштымын. Мессидің жетістігін қайталау тым қиын, - дейді Это'о.
Айта кетейік, екі ойыншы «Барселона» сапында бірге өнер көрсеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или