Португалия чемпионаты мамырдың соңында басталады

Португалия чемпионаты мамырдың соңында басталады

Португалия премьер-министрі Антонио Коста футболдан ел чемпионатының қалған бөлігі қашан басталатынын жариялайды, деп жазады Prosports.kz.

Матчтар мамырдың соңғы аптасында басталады. Ойындар көрерменсіз өтеді. Сонымен қатар, барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. 

Маусымды жалғастыру туралы шешім Денсаулық сақтау Бас дирекциясының қорытындысынан кейін қабылданып отыр. Бұл мәселені талқылауға клуб өкілдері мен Португалия футбол федерациясы да қатысты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Португалияда коронавирус жұқтырғандардың саны 24 мыңнан асты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или