Футболдан әлем чемпионының 95 жастағы арғы әжесі коронавирустан емделіп шықты
Испания құрамасы мен «Челси» клубының экс-ойыншысы Сеск Фабрегастың 95 жастағы үлкен әжесі коронавирустан сауығып шыққан, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол 95 жаста болса да коронавирусты жеңді, кеше тест теріс нәтиже көрсетті! Менің үлкен әжем - супер қаһарман! Бірақ мұның бәрі өз өмірін қауіпке тігетін медбикелер мен дәрігерлердің көмегінсіз мүмкін болмас еді», - деп жазды испаниялық Твиттерінде.
Еске сала кетелік, Сеск Фабрегас 2010 жылы Испания құрамасы сапында әлем чемпионы атанса, 2008 және 2012 Еуропа чемпионатының жеңімпазы болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или