«Мүмкін емес нәрсе». Италия Денсаулық сақтау министрлігі А сериясының қайта жалғасуына баға берді
Италия денсаулық сақтау министрінің орынбасары Пьерпаоло Силери А сериясы маусымының қайта жалғасуы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазіргі уақытта бұл мүмкін емес сияқты. Футбол теннис немесе Formula 1 турнирі емес. Футбол ойыншылары бір-бірімен жанасып жүреді, сондықтан жұқтыру қаупі зор. Спорт емес, футболшылардың денсаулығы бірінші орында», - дейді Силери Football Italia басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетелік, Италия чемпионаты уақытша тоқтағанға дейін, чемпионат көшбасшысы «Лациодан» бір ұпай озып тұрған «Ювентус» командасы болып тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или