УЕФА: Ұлттар лигасы биыл өтпеуі мүмкін
УЕФА коронавирусқа байланысты Ұлттар лигасының басталуын кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, турнир қыркүйек айында басталуы керек еді.
The Independent басылымының хабарлауынша, FIFA мен УЕФА ұлттық құрамалардың 2020 жылдың екінші жарты жылдығына арналған күнтізбесін жасап жатыр. Қараша-желтоқсан айларында командалар кем дегенде үш матч өткізуі де мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін Еуро-2020 келесі жылға ауыстырылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или