АПЛ клубтарының ойыншылары футбол маусымының қайта жалғасуынан қорқады
Бұл туралы 29 сәуірде The Telegraph хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Басылымның хабарлауынша, ойыншылар коронавирустың таралу қаупі әлі де жоғары деп санайды. Олардың айтуынша, әлемдегі қазіргі жағдай қауіпсіздікті талап етеді және олар өз денсаулығына қауіп төндіргісі келмейді.
Сондай-ақ, ағылшын клубтарының басшылығы да ойыншылар сияқты, үкіметтің маусымды қайта бастауға асығып отырғанына наразы. Үкіметтің жоспарына сәйкес, матчтарды ертерек жалғастыру халықты жігерлендіреді.
Еске сала кетелік, Англия чемпионаты 13 наурызда тоқтаған еді. Ал 1 мамырда интернет-конференция өтеді, оның барысында маусымның 8-нен бастап, АПЛ-ды қайта жалғастыру мүмкіндігі талқыланады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или