«Жоспар дайын». Испания Премьер-министрі Ла Лиганың қайта жалғасуына өзі араласты
Испания премьер-министрі Педро Санчес елдің Жоғарғы спорт кеңесі Денсаулық сақтау министрлігіне коронавирустың таралу қаупіне байланысты тоқтатылған Ла Лига чемпионатын жаңарту жөніндегі арнайы жоспар ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
4 мамырдан бастап ойыншыларға жеке бағдарлама бойынша клуб базаларында жаттығулар өткізуге рұқсат етіледі. Олармен бірге саны шектеулі қызметкерлер жұмыс істей алады. 18 мамырдан бастап бір топта 6 ойыншы жаттығуға мүмкіндік алады. Бір аптадан кейін бұл сан сегізге дейін ұлғайтылуы мүмкін. 1 маусымнан бастап командалар толыққанды жаттығу құқығына ие болмақ.
5 маусымда Испания чемпионатының матчтары жанкүйерсіз қайта жалғасады. Егер ойыншылар дайын болмай шықса, ойындарды өткізу уақыты 12 маусымға ауыстырылуы мүмкін.