«Барселона» есірткі өндіретін компаниямен келіссөз жүргізе ме
«Барселона» «Камп Ноу» стадионының атауын өзгерту құқығын каннабис өндіретін компанияға сатпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ESPN мәлім етті. Басылымның хабарлауынша, каталониялық команда тек байсалды компаниялармен ғана келіссөздер жүргізуге дайын. Сонымен қатар, клуб басшылығы «Камп Ноу» сөздерін жаңа атаумен бірге жазуға ниетті.
Бұған дейін «Барселонаның» тарихта тұңғыш рет стадион атауын өзгерту құқығын сатуға шешім қабылдағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Әлемнің ең атақты ұжымдарының бірі коронавирус індетімен күресу үшін қаржы жинамақ.
<h1 class="feed-title">Нигерия президентінің көмекшісі Роналдуға қандай кеңес берді</h1>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или