Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров маусым айының соңында жасыл алаңға оралады
Ресей премьер-лигасы мен Ресей футбол одағының басшылығы клубтармен маусымды қайта бастау мәселелерін талқылады.
РПЛ-дің ресми сайтында жазылуынша, УЕФА-ның чемпионаттарды 2 тамызға дейін аяқтау туралы ұсынысына сай, РПЛ екі күнтізбелік нұсқа бойынша жалғасады.
Бірінші нұсқа, чемпионат 21 маусымда басталады. Алғашқы екі тур ойыншыларға жүктемені жеңілдету үшін аптасына бір ойын ғана өтеді. Содан кейінгі бес турда матчтар аптаның ортасында да өтеді.
Екінші нұсқа - жарыс 28 маусымда басталады. Бұнда қалған жеті турдың барлығында аптаның ортасында матчтар өтеді.
Ресей премьер-лигасында үш қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Олар - Бактиер Зайнутдинов («Ростов»), Исламбек Қуат («Оренбург») және Акмаль Бахтияров («Сочи»).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или