Игуаин: 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін мансабымды аяқтағым келді
«Ювентус» футбол клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Гонсало Игуаин 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін футболмен қош айтысқысы келгенін айтты, деп жазады Рrosports.kz.
Бірақ оған анасы жол бермеген көрінеді.
2014 жылғы әлем чемпионатының финалында Игуаин қақпашымен бірге-бір шығып гол соға алмаған болатын. Нәтижесінде Аргентина құрамасы Германиядан 1:0 есебімен жеңілген болатын.
- Сол голды соға алмағаным үшін адамдар мені ілікке алғысыз етіп жамандады. Мұндайға төзу өте қиын. Мен мансабымды аяқтауды ойладым. Бірақ анам маған жігер беріп, сүйікті спортымнан қол үзбеуге шақырды, - дейді Игуаин.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или