Ресейлік БАҚ Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жайлы мақала жазды

Ресейлік БАҚ Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жайлы мақала жазды

«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Бородюк футбол саласына қайта оралуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ресейлік басылымдар хабарлады. «Чемпионат» порталы 1988 жылғы Олимпиадада алтын медель жеңіп алған КСРО құрамасының ойыншыларын еске алды.

Осы мақалада Бородюк жайлы да сөз қозғады. Басылым Бородюктің ойыншы ретінде және бапкер ретінде жүріп өткен жолын саралай келе, оның футболға қайта оралуға ниетті екенін жазады.

Алайда 2018 жылдан бері бос жүрген Бородюкке қызықты ұсыныс түспеген көрінеді. 

Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда тоқтатылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или