Ресейлік БАҚ Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жайлы мақала жазды
«Қайрат» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Бородюк футбол саласына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ресейлік «Чемпионат» порталы дайындаған 1988 жылғы Олимпиадада алтын медель жеңіп алған КСРО құрамасының ойыншылары жайлы мақалада жазылды.
Басылым аталған мақалада Бородюктің ойыншы ретінде және бапкер ретінде жүріп өткен жолын саралай келе, оның футболға қайта оралуға ниетті екенін жазды.
Алайда 2018 жылдан бері бос жүрген Бородюкке қызықты ұсыныс түспеген көрінеді.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты 16 наурызда тоқтатылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или