АПЛ клубтарына матч барысында бес ауысым жасауға мүмкіндік беруі мүмкін
Ағылшын премьер-лигасының басшылығы футбол клубтарына осы маусым жалғасын тапқаннан кейін матчта бес ауысым жасауға рұқсат беруге дайын.
АПЛ ағымдағы маусымды қысқа мерзімде аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз футболшыларға айтарлықтай салмақ түседі. Сондықтан бұрынғыдай матч барысында үш футболшы алмастыру аз болуы мүмкін.
Бірақ әр матчқа ең көбі 14 ойыншы ғана қатыса алады. Яғни бірнеше футболшы алаңға қайта кіре алады.
Бұрын Италияда «Сампдория» бапкері Клаудио Раньери бес ауысым туралы бастама көтерген болатын.
Бұл FIFA-ның қолдауымен қабылданған уақытша шара екендігі айтылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или