Де Брюйне АПЛ-дың үздік ойыншысы деп танылды
Британдық The Athletic басылымы 2019/2020 жылғы маусымның ең үздік ойыншыларының есімдерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылымның пікірінше, маусымның үздік ойыншысы атағына «Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне лайықты. Бельгиялық футболшы «Ливерпульдегі» Трент Александр-Арнольд, Вирджиль ван Дейк, Садио Мане, Джордан Хендерсон және «Лестер» шабуылшысы Джейми Вардиден озып кетті.
Премьер-Лиганың үздік құрамы келесідей: Элисон Бекер, Трент Алексейдер-Арнольд, Вирджил ван Дайк, Энди Робертсон (барлығы «Ливерпуль»), Чаглар Сейонжу («Лестер»), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити»), Джек Грилиш («Астон Вилла»), Джордан Хендерсон, Садио Мане, Мохамед Салах (барлығы «Ливерпуль»), Джейми Варди («Лестер»).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или