Дания Еуро-2020 ойындарын өткізуден бас тартуы мүмкін

Дания Еуро-2020 ойындарын өткізуден бас тартуы мүмкін

Дания футбол одағының президенті Йеспер Меллер британдық SkySports телеарнасына берген сұхбатында келесі жылы Копенгагенде Еуро-2020 матчтары өтетініне кепілдік бере алмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен әлі де Копенгагенде матч ойнай аламыз ба, жоқ па деп алаңдаймын» - деді Меллер. - Менің ойымша, ықтималдылық 50-де 50. Барлық жақтар оң шешім қабылдап, алға ұмтылуды қалайды. Бірақ жоспарланған матчтардың Копенгагенде өтетініне сенімді болу үшін, кейбір мәселелерді шешу қажет».

Бас тартудың себептерінің бірі - Дания астанасы билігінің 2021 жылғы маусымда «Тур де Франс» веложарысының үш кезеңін өткізуге деген ниеті. УЕФА нақты жауапты 30 сәуірге дейін күтеді.

Еске салайық, Копенгагенде В тобының үш матчы (Дания - Финляндия, Дания - Бельгия және Ресей - Дания), сонымен қатар 1/8 финалдың бір кездесуі өтуі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или