Роналду «Ювентусте» қала ма?

Роналду «Ювентусте» қала ма?

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду «Ювентустегі» мансабын жалғастырады, деп жазады Prosports.kz сайты.

2018 жылы «Реалдан» «Ювентуске» ауысқан Роналду төртжылдық келісімшартқа отырған болатын. Биыл тәжірибелі футболшыны ПСЖ қатарына қосуды көздеп отыр. Бұған қоса коронавирус пандемиясының салдарынан «Ювентус» қаржы қиындығына ұшыраған.

Дегенмен Криштиану Роналду жазда ешқайда кетпейді. Ол «Ювентусте» бақытты екенін жеткізіп, клубтың басшылығымен жақсы қарым-қатынаста екенін мәлімдеген.

Ағымдағы маусымда Роналду Италия чемпионатында 22 матчқа қатысып, 21 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или