«Алаңға шығудан бас тартқандар жазаланады». Президент санкция салатынын айтты

«Алаңға шығудан бас тартқандар жазаланады». Президент санкция салатынын айтты

Испания Ла Лигасының президенті Хавьер Тебас алаңға шығудан бас тартқан клубтар мен ойыншыларды жазалайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

«Егер ойыншы немесе клуб ойнаудан бас тартса не болады? Клубтың жазасы - техникалық жеңіліс.  Сол сияқты, егер ойыншы алаңға шығудан бас тартса, оған санкциялар қолданылады.

Маусым мерзімінен бұрын аяқталса, шамамен 1 миллиард еуродан қағыламыз. Матчтар көрерменсіз өтсе, 350 миллион еуро шығынға ұшыраймыз», - дейді Тебас.

Кеше Голландияда маусымның ерте аяқталатыны туралы хабарланған болатын. Чемпионат жарамсыз болып танылды.

.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или