Футболдан Оңтүстік Корея чемпионаты көрерменсіз 8 мамырда басталады
Футболдан Оңтүстік Корея чемпионатының жаңа маусымы 8 мамырда басталады деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.
Турнир 29 ақпанда басталуы керек еді, бірақ Covid-19 вирусына байланысты оны кейінге қалдыруға тура келді. Жарыс форматына да өзгерістер енгізілді: 38 ойынның орнына командалар 27 матч өткізеді. Алдымен көрермендерді стадионға кіргізбейді. Егер ойыншы немесе жаттықтырушы вирус жұқтырса, команда екі аптаға карантинге жіберіледі және ойнамайды.
Сонымен қатар, Лига басшылығы қол алысуға тыйым салды, алаңда және одан тыс жерлерде қашықтықты сақтаудың қатаң ережелерін енгізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или