Нидерланд чемпионатының жеңімпазы неге анықталмайды

Нидерланд чемпионатының жеңімпазы неге анықталмайды

Нидерланды Корольдік футбол одағы негізгі чемпионат жеңімпазы болып ешкім танылмайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Нидерланд чемпионаты 21 сәуірде COVID-19 пандемиясына байланысты мерзімінен бұрын тоқтады.

Біріншілік тоқтатылған кезде 25 матчта 56 ұпай жинаған «Аякс» бірінші орында тұрған. Ал одан бір сатытөмен орналасқан АЗ Алкмардың да 56 ұпайы бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша амстардамдықтар көш бастап тұр. Төменгі дивизионға «Ден Хааг» және «Вальвейк» түседі деп күтілген еді. Шешім бойынша биыл ешқандай клуб Эредивизиден кетпейді.

Айта кетелік, Нидерланд чемпионы соңғы рет 1944/45 жылдардағы маусымда анықталмаған.

Еске сала кетейік, өткен жылы амстердамдық «Аякс» Эредивизи (негізгі лига) жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или