Есірткі өндіруші «Камп Ноу» стадионының атауын ауыстыру құқығын сатып алмақ
Әлемдегі миллиардерлердің бірі Алки Дэвид «Камп Ноу» стадионының атауын өзгерту құқығын алу мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен бұл мүмкіндікті позитивті түрде қабылдадым. Бұл спорттағы тарихи сәт. Менің қазіргі жоспарларыма сәйкес келеді. Каталониялықтармен аптаның басында байланыстық. Келісім жасалады деп сенемін», - дейді бизнесмен.
Айта кетейік, «Барселона» 2020/21 маусымында өз аренасының атауын сатуды және одан түскен қаражатты коронавируспен күресуге жұмсауға шешім қабылдады.
Алки Дэвид - атақты боксшы Майк Тайсонның каннабис өндірісі жөніндегі серіктесі, сонымен қатар басқа бизнес құрылымдардың иесі саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или