Мадридтің «Реалы» жаттығу жиынына кіріспек

Мадридтің «Реалы» жаттығу жиынына кіріспек

Мадридтің «Реалы» Вальдебебастағы клуб базасында жаттығу процесін қайта бастауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Marca басылымының  хабарлауынша, команда  4 мамырдан бастап толық  жаттығу жиынын өткізбек.

Арнайы сақтық шаралары да қабылданады: ойыншылар коронавирусқа  анализ тапсырып, клубтың басқа қызметкерлермен мейлінше аз байланысқа түседі.

Еске сала кетелік, Испанияда футбол маусымы коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айының ортасында тоқтатылған.

«Реал» Примераның турнирлік кестесінде екінші орында, «Барселонадан» екі ұпайға артта қалып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или