Тараздың тумасы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін
«Ювентус» пен «Манчестер Сити» Тараздың тумасы Равиль Тагирге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы агент Корай Узун хабарлады.
Равиль 7 жасынан бастап Түркияда тұрады. Түркия Бірінші лигансында бақ сынайтын «Алтынорда» командасының қорғаушысы. Осы маусымда ол 26 ойынға қатысқан. 17 жастағы қорғаушы Түркия жастар (U-21) құрамасы үшін де бірнеше матч өткізген.
Айта кетейік, бұған дейін оған «Норвич» пен «Фрайбург» командалары да қызығушылық танытқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или