Коронавирус: Испания чемпионатында бақ сынайтын барлық ойыншы тест тапсырады
Испания чемпионатында бақ сынайтын барлық клубтың футболшылары коронавирусқа қарсы тестілеуден өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусымның қалған бөлігін бастар алдында, міндетті түрде тестілеуге қатысу керек.
Бұл туралы Испания футбол дәрігерлері қауымдастығының президенті Рафаэль Рамос мәлімдеді. Ол Ла Лигада бақ сынайтын барлық ойыншының келесі аптада басталатын тестілеуге келісім беруі керек екенін ескертті.
Тестілеуден кейін ғана жаттығуды қайта бастауға болады.
Айта кетейік, Испания чемпионаты коронавирусқа байланысты 12 наурызда белгісіз мерзімге тоқтатылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или