Еркін күрес

Әсет Серікбаев бауландардың карантин мерзімін қалай өткізіп жатқанын айтты

Әсет Серікбаев бауландардың карантин мерзімін қалай өткізіп жатқанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Ұлттық олимпиадалық комитеттің онлайн жобасында қонақ болып, біршама сауалдарға жауап берді. Оның ішінде, Олимпиаданың кейінге шегерілуі мен карантин уақытына қатысты сұрақтар да жауабын тапты.

- Біз жанұямыздың қасында көп болмаймыз. Бір жылда үйде болған күндерімізді есептесек, бір айға жетер-жетпес уақыт шығады. Сол себепті, карантин кезінде отбасыңмен бірге болуға мүмкіндік бар. Десе де, оқу-жаттығу жиынына үйреніп қалыппыз. Дайындық кезеңін, залды сағынасың. Балуандарымыз да карантинде үйлеріне барып, жақындарының қасында жүр. Жаттығуды ұмытқан жоқ, бәрі де өз міндеттерін жақсы біледі. Ал Олимпиада ойындары мен барлық ресми жарыстар, атап айтар болсақ, Азия аймақтық және әлемдік іріктеу турнирлері 2021 жылға қалдырылды. Бұл біздің спортшыларға айтарлықтай кедергі болады деп ойламаймын. Әрине, жасы үлкендеу спортшыларға қиын болуы мүмкін. Дегенмен, жақсылықтан үмітіміз көп, - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер