Ұлыбритания Мәдениет министрі: АПЛ-дың қалған матчтары тегін өтсін

Ұлыбритания Мәдениет министрі: АПЛ-дың қалған матчтары тегін өтсін

Ұлыбританияның Мәдениет министрлігі Премьер-Лига ойындары жалғасын тапқан жағдайда қалған матчтарға жанкүйерді тегін кіргізуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл ұсыныс бұдан бұрын АПЛ-да талқыланған. Менің ойымша, егер олар маусымды жабық есік жағдайында жалғастырса және жанкүйерлер ойынды кіріп тамашалай алмаса, бұл дұрыс шешім бола қоймас», - дейді Мәдениет министрі Оливер Дауден.

Еске сала кетелік, Ағылшын премьер-лигасы коронавирустың таралуына байланысты наурызда тоқтатылған болатын. Дәл қазірге дейін Ұлыбританияда 133 мыңнан астам коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или