АПЛ клубтары маусымды мерзімінен бұрын аяқтауды тағы да талап етті

АПЛ клубтары маусымды мерзімінен бұрын аяқтауды тағы да талап етті

Ағылшын премьер-лигасының клубтары коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарысқа байланысты маусымды аяқтау туралы келіссөздерді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды, Prosports.kz.

Дереккөздердің хабарлауынша, Англия чемпионаты клубтарының маусымды аяқтауға келіскеніне қарамастан, бірқатар команда турнирді мерзімінен бұрын аяқтауды талап етіп отыр. Клубтар ойыншылардың коронавирус жұқтырып алуынан қауіптенеді

Бұған дейін АПЛ клубтарының жетекшілері осы жазда келісімдері аяқталған ойыншылардың келісім-шарттарындағы проблемаларға тап болмас үшін маусымды 30 маусымда аяқтауға шақырады деп хабарланған болатын.

Еске сала кетелік, COVID-19 өткен жылдың соңында Ухань қаласында (Қытай) тіркелген. Содан бері әлемде 2,6 миллионнан астам адам вирус жұқтырды. 183 мыңнан астам адам көз жұмды. Сонымен қатар, коронавирус жұқтырғандардың 784 мыңнан астамы емделіп шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или