«Реал» жазда 11 ойыншысымен қоштасады
«Реал Мадрид» футбол клубы биыл жазда команда құрамына үлкен көлемде тазалау жүргізеді, деп жазады Prosports.kz.
Шетелдік басылымдардың жазуынша, испаниялық ұжым жазғы трансферлік кезеңде 11 ойыншысымен қоштасады. Олардың қатарында, Марсело, Лука Модрич секілді маңызды футболшылар да бар.
Жазда өзге командаларға жалға берілген ойыншылар қайта оралса, «Реалдың» негізгі командасындағы футболшылардың саны 36-ға жетеді. Сондықтан клуб басшылары Гарет Бэйл, Хамес Родригес сынды ойыншыларды да сатуды жоспарлап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или