БАӘ-де жоғалды деген Самир Насри аман-есен табылды
Біріккен Араб Әмілігінде жоғалды деген «Андерлехттің» ойыншысы Самир Насри өзіне қатысты қауесетке жауап берді.
Жуырда Самир Насри клубпен байланысқа шықпай, ұзақ уақыт әлеуметтік желідегі белсенділігі жоғалғаны туралы шетелдік БАҚ жазған болатын.
– Бұл біреудің қалжыңы шығар. Жоғалған адамды қайдан көріп тұрсыздар? Күнделікті медицина штабының басшысымен байланыстамын.
Мұның бәрі бос сөз. Жетер. Ештеңе болған жоқ. Мен тек маусымның қайта басталуын күтіп отырмын, - деді Самир Насри Voetbal International басылымына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Самир Насри мансабында «Марсель», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Севилья», «Антальяспор» және «Вест Хэм» секілді командаларда өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или