22 жастағы футболшы жаттығу кезінде қайтыс болды

22 жастағы футболшы жаттығу кезінде қайтыс болды

Кеше «Казанка» футбол клубының қорғаушысы Иннокентий Самохвалов қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы мәскеулік «Локомотивтің» баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Футболшы жеке жаттығу кезінде ауырып қалған, қайғылы жағдайдың егжей-тегжейі анықталып жатыр. Ол мейірімді жан, жақсы дос еді. «Локомотив» футбол клубы болған оқиғаны қайғыра қабылдады, бұл біз үшін үлкен жоғалту. Иннокентийдің туыстары мен достарына көңіл айтамыз», - деп жазды клбу ресми сайтында

Айта кетейік, Самохвалов биыл 22 жаста болатын. Ол «Локомотив» футбол клубының түлегі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или