«Андерлехт» Самир Насримен келісімшартын бұзады

«Андерлехт» Самир Насримен келісімшартын бұзады

Бельгиялық «Андерлехт» карантин тәртібін сақтамаған Самир Насримен келісімшартын бұзады. <br />Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады. Футболшы ешкімге ескертпей Дубайға кетіп қалған. Клуб барлық футболшыларға карантин кезінде қайда екендіктерін айтып, істеген жаттығулары туралы хабар беру керектігін айтқан. Насри оған қарамастан еш хабарсыз Дубайда жүр. <br />Насри бельгиялық командада 2019 жылдан бері өнер көрсетеді. Самир Насри «Арсенал» және «Манчестер Сити» футбол клубтарында жүргенде әлемге танымал болған. 2007-2014 жылдар аралығында Франция құрамасында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или