Буффон «Ювентуспен» жаңа келісімшартқа қол қоюға жақын
«Ювентус» футбол клубы ардагер қақпашы Джанлуиджи Буффонмен жаңа келісімшарт жасасады, деп жазады Prosports.kz.
42 жастағы қақпашы жақында клуб басшыларымен жаңа келісімшарт жайлы келісімге келді. Бірақ келісімшартқа ресми түрде қол қойылған жоқ. Бұл рәсім коронавирус індетінің беті қайтқан соң атқарылады.
Айта кетейік, Буффон биыл турниндік клуб сапында 11 ойынға қатысып, оның үшеуінде қақпасына гол жіберген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или