«Жетісу» - «Карантин Премьер-Лига» турнирінің жеңімпазы

«Жетісу» - «Карантин Премьер-Лига» турнирінің жеңімпазы

Prosports.kz пен QFantasy ұйымдастырған «Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирінің ақтық матчы өтті. Назарларыңызға қорытынды нәтижені ұсынамыз.

Виртуал турнирдің финалына талдықорғандық «Жетісу» мен шымкенттік «Ордабасы» кездсеті. Екі ұжым да жарыс жолындағы қарсыластарын оңай жеңіп, шешуші кездесуге сенімді түрде жетті. Олар тіпті жартылай финалда басты фавориттер - «Қайрат» пен «Астананы» жеңді.

Шешуші матчта сайт оқырмандарының 60%-ы «Жетісуға» дауыс берсе, 40%-ы «Ордабасыны» қолдады. Осылайша, «Жетісу» «Карантин Премьер-Лига» турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирдің финалына шыққан «Ордабасы» екінші орын алды, ал «Қайрат» пен «Астана» үшінші орынды өзара бөлісті.

«Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирі осымен аяқталды. Сайтымыздың барлық оқырмандарына белсенді тсалысып, дауыс бергендері үшін алғыс айтамыз. 

Блог жаңартуларын қадағалап, Prosports.kz және QFantasy әлеуметтік желілеріне жазылыңыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или