Ибрагимович «Миланда» қалу үшін талап қойды
«Миланның» ойыншысы Златан Ибрагимович Италияда тағы бір маусымға қалуы мүмкін.
Швед футболшысының келісімшарты биыл жазда аяқталады. Дегенмен Ибрагимович 2013/14 маусымнан бері Чемпиондар лигасында ойнамаған «Миланға» көмектесуге дайын екенін айтқан. Тек оның бір ғана талабы бар: «Милан» жазда командаға біраз жаңа футболшыны сатып алуы қажет.
Бұған дейін 38 жастағы футболшы биыл маусымның соңында мансабын аяқтауы мүмкін екені туралы ақпарат шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или