«Аякстың» жас қақпашысына «Барселона», «Челси» және ПСЖ қызығып отыр

«Аякстың» жас қақпашысына «Барселона», «Челси» және ПСЖ қызығып отыр

Өткен маусымда Чемпиондар лигасында нәтижесімен таңғалдырған «Аякс» алдағы жазда қақпашысын сатуы мүмкін.

The Telegraph басылымының мәліметінше, Нидерланд клубы Андре Онананы кем дегенде 40-45 миллион еуроға сатуға дайын. 24 жастағы қақпашының қазіргі келісімшарт мерзімі екі жылдан соң аяқталады. Қазірдің өзінде жас қақпашыны «Барселона», «Челси» және ПСЖ сапынан көргісі келеді. 

Айта кетейік, Андре Онана Нидерланд чемпионатында «Аякс» сапында 24 матч өткізіп, оның сегізінде қақпасын құрғақ сақтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или