«Реалдың» экс-президенті: Фергюсон Роналдуды «Барселонаға» сатпақ болды
Мадридтік «Реалдың» экс-президенті Рамон Калдерон Криштиану Роналдудың корольдік клубтың орнына «Барселонаны» таңдауға мүмкіндігі болғаны жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prospors.kz.
«Мен 2007-2008 жылдар аралығында Криштианeмен келіссөз жүргіздім. «Манчестер Юнайтедке» бұл оңайға соққан жоқ, өйткені олар футболшыдан айырылғысы келмеді. Ал Роналду өзінің бағасын білетін, ол «Реалда» ойнағысы келді.
Фергюсон да Роналдуды жібергісі келмеді, оны бізге емес каталониялықтарға сатуды ойлағанын білемін. Барселоалықтар қатты қуанды, бірақ Роналдудың бүйрегі «Реалға» бұрып тұратын», - дейді Кальдерон.
Роналду Мадридке 2009 жылдың жазында ауысты. Оның трансферіне 94 миллион еуро төленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или