«Қайраттың» атақты экс-ойыншысы өзін-өзі оқшаулау кезінде не істеп жүргенін айтты

«Қайраттың» атақты экс-ойыншысы өзін-өзі оқшаулау кезінде не істеп жүргенін айтты

Ресей ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин РИА Новостиге коронавирус пандемиясы кезіндегі карантинде нендей қызмет атқарып жүргені туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ерікті болып жүрмін. Бір рет қызмет атқардық. Екіншісі жұма күні болды. Егер ол Maтч TВ-дағы жұмысым болмаса, мені карантиннен кейін... Сіз көрмейтін едіңіз, өйткені мен төрт қабырғаға қамалып отырғанда асылып қалар едім. Шынымды айтсам, егер менің жұмысым болмаса, үйде отыру өте қиынға соғар еді. Телевизияда жұмыс істеу мені құтқарып тұр, әйтеуір Мәскеуге барамын, бірнеше хабар таратамын, Тимур Журавлев екеуміз бағдарлама жазып жатырмыз», - деді Аршавин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или