«Қартаймайтын Буффон». Ардагер футболшылар атақты қақпашыны «тоқтату» керек екенін айтты
Италиялық БАҚ 42 жастағы қақпашы Джанлуиджи Буффонның «Ювентуспен» жаңа келісімшарт жасасқанын және кем дегенде 2021 жылдың жазына дейін ойнайтынын хабарлайды, деп жазады Prosports.kz.
Буффонның бұрынғы әріптестері, мәнсабын аяқтаған Италия ұлттық құрамасының экс-ойыншылары Фабио Каннаваро мен Франческо Тотти, қақпашыны біреу тоқтатпаса, өзі тоқтамайтынын айтады.
«Мен саған айтайын, Джиджи 50 жасқа дейін ойнайды. Оны тоқтату керек. Қалжыңсыз, менің ойымша, ол тағы 2-3 жыл ойнай алады», - деді Тотти Каннаваро мен Инстагтамдағы жанкүйерлермен сөйлесу барысында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или