УЕФА келесі маусымдағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының басталатын уақытын белгіледі
УЕФА Еурокубок турнирлерінің алдағы маусымында өтетін күндерін алдын ала белгіледі, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сілтеме жасап.
Ұйым Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-тур ойындарын 20 қазанда өткізуді жоспарлап отыр.
Ертеңіне турдың қорытынды кездесулері өтуі керек. Бейсенбі, 22 қазанда УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 1-турын өткізуге ниетті. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің матчтары шілде айының соңында - тамыздың басында басталуға тиіс.
Еске сала кетейік, осы маусымдағы құрлықтың басты турнирі тамыз айында аяқталуы мүмкін.
Қазіргі уақытта әлемдегі барлық дерлік турнирлер коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или