Чемпиондар лигасының финалы жаздың соңғы айында өтуі мүмкін

Чемпиондар лигасының финалы жаздың соңғы айында өтуі мүмкін

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалы коронавирус пандемиясына байланысты тағы кейінге шегерілуі мүмкін.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, УЕФА Еуропаның бас додасының шешуші матчын 29 тамыз күні өткізуді ойластырып жатыр. Ал Еуропа лигасының финалы үш күн ерте өтуі мүмкін.

Дегенмен көптеген клубтар бірінші ұлттық чемпионаттарды аяқтап, сосын ғана еурододаға ауысуды талап етуде. Осылайша Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының маусымын тамыз айында аяқтап, күзде ұлттық біріншіліктерді бастап кетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или